№2 мекемесінде сотталғандардың назарына Қазақстан Республикасының 17.03.2023 жылғы №212-VII-ЗРК «Сот ісін жүргізу саласында адам құқығы, жазаны орындау, қатыгездік пен азаптауды, сонымен қатар намысын қорлау түрлері сұрақтары туралы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен қосымшалар еңгізу бойынша түсініктеме түріндегі әңгіме жүргізілді.
ҚР ҚК 6-бабының негізінде, қылмыстылық пен жазалану әрекетін жоятын, жаза мен жауапкершілікті жеңілдететін, қылмыстық құқықбұзушылық жасаған тұлғаның жағдайын жеңілдетудің басқа да түрінің кері күші бар, яғни осы заңның қолданысқа берілгенге дейін, сонымен қатар жазасын өтеп шыққан немесе жаза өтеп жатқан, бірақ соттылығы бар тұлғаларға қарастырылады.
Жоғарыда көрсетілген Заңның келісімімен, №2 мекемесінің әкімшілігі Ақмола облысы Аршалы ауданының сотына сот үкімдерін жаңа Заңға сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше жағдайдағы қауіпсіздігі мекемесінен – қылмыстық атқару жүйесі орташа қауіпсіздіктегі мекемесіне түріне ауыстыруды сәкестендіру туралы 14 сотталғанның ұсынымдары мен өтініштерін жіберді. Қалған контингентті, қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше жағдайдағы қауіпсіздігі мекемесінен – қылмыстық атқару жүйесі жоғары қауіпсіздіктегі мекемесіне түріне ауыстыруды сәкестендіру туралы.
«Сотталғандарға ізгілік актісін қолдану кезінде жаза түрі жеңілдетіледі: — сәлемдеме мен сауқатты, ұзақ және қысқа мерзімді кездесулерді толықтыру, сонымен қатар 9 айдың өтуімен жаза өтеу жағдайының басқа түрлеріне ауыстыру. Осындай өзгертулер сотталғандардың мінез-құлықтарына өң әсер тигізіп, жазаны ары қарай өтеулеріне ынталандырады» — дейді арнайы есеп бөлімінің бастығы әділет майоры Наталья Костенко.


