Міне, барлығы көптен асыға күткен сәт, №64 мекемеде шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандарының туыстары үшін «Ашық есік күні» өткізілді! Қуаныштың көз жасы, жұмсақ құшақтау және миллиондаған айтылмаған сөздер мен көзқарастар! Осы керемет сенбі күнінің бірінші жартысы осындай атмосферада өтті! Сотталғандардың туыстары үшін шағын концерт ұсынылды, онда сотталғандар ата-аналарына, әйелдеріне және ағаларына арналған композицияларды орындады. Олардың шыдамдылығы, сүйіспеншілігі мен үміті үшін алғыс сөздерін жеткізді.
Іс-шараға мекеменің шаруашылық қызмет көрсету жасағында жазасын өтеп жатқан сотталғандардың 42 туысы қатысты. Іс – шара басталар алдында келушілер үшін экскурсия өтті, оның барысында сотталғандардың тұрмыс жағдайлары — жатақхана, асхана және тәрбие жұмысының үй-жайы ұсынылды.
Сондай-ақ, бұл іс-шараға алғаш рет біздің сотталғандарымыз үшін ерекше қонақ, қалалық прокуратураның өкілі Е.Дүйсенбаев келіп, құттықтау сөз сөйлеп, сотталғандарға тезірек босатылуын және бұдан былай заң шегінен асып кетпеуін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін заңға бағынатын азамат болуын тіледі. Ал туыстары мен жақындарына шыдамдылық пен күш тіледі.
— Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы ретінде біздің мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың психологиялық көңіл-күйі қаншалықты өзгергенін көріп отырмын. Мен сотталғандарға Ашық есік күнін өткізу туралы хабарлағанымда, олардың жүздерінен шынайы қуаныш көрдім. Мен үшін бұл біздің қызметіміздің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші, өйткені туыстарымен байланыста болу – сотталғандарды түзетуге, тез босатуға және туыстарына оралуға ынталандыратын тәрбие жұмысының әдістерінің бірі. -Дейді арнайы контингент арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы әділет майоры Жандос Айтмұқашұлы.
— Мұндай іс-шараларды өткізу біздің жұмысымыздың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады және әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және сотталғандардың оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған. Жазасын өтеп жатқан адамдар үшін туыстарын көру, олармен араласу, осы екі сағат ішінде күнделікті алаңдаушылықтан арылу мүмкіндігі ең жақсы сыйлық болуы мүмкін. — Осындай сөздермен мекеме бастығы әділет подполковнигі Ағыбай Кәкімжанұлы Мұхин аталған іс-шараға түсініктеме берді.


