Білім алу ешқашан кеш емес!

Сонымен «3 кешкі мектебі» КММ –нің түлектері үшін маңызды күндердің бірі де келіп жетті. Бүгінде олар 11  сыныпты  бітіргені туралы аттестат алуда. Биылғы 2022-2023 оқу жылында 11-сыныпта 45 оқушы, 9-сыныпта 7 оқушы мектеп бітіруде. Түлектердің арасында студент Коваленко А, ол 65 жаста, орта білім туралы аттестат алды. Түлектерді мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет майоры А.М.Катанов құттықтап, алдағы қойған  мақсаттарына қол  жеткізуге тілек білдірді! Біздің түлектер үшін бұл үлкен жетістік. Олар  мекеме  ішіндегі  колледжде оқуын жалғастырып, мамандық ала алады. Мектеп директоры Касымбекова Ж.К.    барлық түлектерге дұрыс таңдау жасап, белгілі  бір  мамандық  иесі  болуларына тілек білдірді.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...