Тыйым салынған заттарды лақтыруға әуесқойды қамау немесе 10 АЕК айыппұл қолданылмақшы

Абай облысында қауіпсіздігі аралас колонияның аумағына сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттар : спирт, ашытқы, насыбай, ойын карталарын лақтырмақшы болған.

Мекеме қызметкерлері мен күзет аймағы бойынша Ұлттық Ұлан қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде, аймаққа тыйым салынған заттарды лақтырмақшы болған Семей қаласының азаматының әрекеті тоқтатылды. Азамат колония қорғанының сыртынан лақтыруға ыңғайлы учаске іздеп жүргенін бекеттегі жауынгер байқаған. Дабылға дер кезінде жеткен тәртіп бөлімінің шапшаң қимыл тобының қызметкерлері оқиға орнына дереу келіп, заңбұзушылықтың алдын алды.
«Тыйым салынған заттарды жеткізу және лақтыру бойынша заңды қанша қатаңдатқанмен заңбұзушылар қатары азайяр емес. Ұсталған азаматтың айтуы бойынша ол бұл заттарды бауыры Русланға (аты өзгертілді) әкелген. Қазіргі уақытта құқықбұзушыға қарсы ҚР ӘҚБтК 481 бабы бойынша хаттамалар толтырылды. Тәркіленген заттар сараптамалық тексеруге жіберілді» дейді мекеме бастығының орынбасары Мақсат Иксанов

Сот отырысында тәртіп сақтау баршаға міндет

Сот отырысына қатысудың тәртiбі заңмен бекітілген. Сондықтан, сот залындағы...

Жаңа Конституция

Конституция – кез келген тәуелсіз мемлекеттің ең басты, ең...

Мемлекеттік тіл және құқықтық мемлекет қағидаты

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігінің маңызды...

Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық мәртебесі

Қазақстан Республикасында сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы...

Сотқа деген сенімді арттыру тетіктері

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен оған деген қоғамдық...