Алматы облысында сотталғандарды босатылғаннан кейін жұмысқа орналастыру мәселесі қарастырылуда

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №49 мекемесінде сотталғандардың Қонаев қалалық жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында сотталғандарға босатылғаннан кейін жұмысқа орналасу ережелері мен шарттары түсіндірілді. Сонымен қатар, мемлекеттік грант, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу және мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері жайлы толық ақпарат берілді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...