12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Көлсай көлдері» МҰТП-де «Парктер шеруі – 2023» халықаралық табиғатты қорғау акциясы өтті

Жыл сайын 22 наурыз бен 5 маусым аралығында республика бойынша қорықтар мен ұлттық парктер арасында «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясы өтеді. «Көлсай көлдері»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2007 жылдан бері акция аясында туған жер тарихы мен мәдениетін насихаттауға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастырып келеді. Биыл 17-рет ұйымдастырылды.

 «Парктер шеруі» – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың (ЕҚТА) табиғат жанашырларын біріктіретін акция. Акцияның мақсаты — ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзекті мәселелеріне атқарушы органдардың, БАҚ, бизнес өкілдерінің, тұрғындардың назарын аудару, қорық аумақтарын дамыту мен сақтауға қолдау көрсету, табиғатқа тұрғындардың оң көзқарасын қалыптастыру. Акция кезінде түрлі байқау, семинар, дөңгелек үстел, пресс-конференциялар, ашық есік күндері, экологиялық десанттар (тазалық жұмыстары, ағаш отырғызу, бұлақ көздерін тазалау), тақырыптық көрмелер мен концерттер, теле, радиобағдарламалар, ерікті көмекшілер акциясы сияқты шаралар ұйымдастырылады. Олар атқарушы билік органдары, білім беру орындары, БАҚ сияқты ұйымдарымен бірлікте өтеді.

 Биылғы жылы «Парктер шеруі-2023»  табиғатты қорғау акциясы кезінде оқушылар арасында:

  1. «Қазақстан –қызғалдақтар Отаны» акциясы негізінде:
  2. Қызғалдақтардың суретін салу (панно жасау, сурет салу)
  3. Қызғалдақ тақырыбында балалар өз өнерлерін көрсету (би, ән айту, өлең шығару)
  4. Табиғаттың суретін салу
  5. «Табиғатты аялайық» акциясы негізінде, тақырыпты негізге ала отырып:
  6. Осы тақырыпта листовкалар жасау
  7. Буклеттер жасау
  8. Стендтер жасау
  9. Тұрмыстық қалдықтарды пайдалана отырып бұйымдар жасау сияқты  конкурстар өткізілді.

Конкурсқа барлығы жергілікті және көршілес елді мекендерден 9  мектеп қатысты, атап кетсек: Айтжан Түркебаев атындағы, Әужан Ниязбеков атындағы, Қарабұлақ орта мектебі, Ақай Нүсіпбеков атындағы, Сарсенбай Бейсембетұлы атындағы, Жамал Ермегияев атындағы, Қапез Байғабылұлы атындағы мектептер мен Техникалық шығармашылық орталығы мен Кеген ауданының өнер мектебі барлығы 150 оқушы қатысты. Сонымен қатар осы мектептер арасында «Парктер шеруі» акциясы аясында атқарылған жұмыстарының, белсенділік танытқандары туралы видео есептері жасалып, мектептерге де баға берілді. «Парктер шеруі -2023» акциясынына белсенді қатысқан  жеңімпаздарды ұлттық парктің ұжымынан, демеушілерден құрылған арнайы комиссия мүшелері 29-шы мамыр парктер шеруінің жабылу салтанатында анықтап, ұлттық парк тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Конкурсқа барлығы 9 мектептен 150 оқушы қатысып, оның ішінде 9 түрлі конкурс бойынша 27 оқушы жүлделі орындар алып, бағалы сыйлықтармен марапатталса, 12 оқушы ынталандыру сыйлықтары мен  алғыс хатпен марапатталды.  9 мектептің ішінде акция барысында белсенделік танытып, әр акцияға қызығушылық танытқан 3 мектепке жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтар берілсе, қалған 6 мектепке алғыс хат пен сыйлықтар берілді.

«Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесі «Парктер шеруі-2023» акциясының өтуіне ат салысқан, өз үлесін қосқан табиғат шанашырларына, білім ордаларына, әкімшіліктерге, мәдениет үйлеріне және демеушілерге атап кетсек: ЖШС J.S.Travel,  Жеке кәсіпкерлер «Join me», BananaTour,  KK.tour турфирмаларына, «Qaz Nomads» Сырымбек Тауға алғысын білдіреді!

«Көлсай көлдері» МҰТП РММ ЭАТ маманы Ермек Маншук Қанапияқызы

АУМАҚТАН ТЫС СОТТЫЛЫҚ – СОТ ТӨРЕЛІГІНІҢ БЕЙТАРАПТЫҒЫ МЕН ТИІМДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТЕТІК

Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттары сот билігінің...

СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР – ӘДІЛ СОТ ТӨРЕЛІГІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМДІ НЫҒАЙТУДЫҢ НЕГІЗІ

Қазіргі кезеңде сот жүйесін жаңғырту – құқықтық мемлекетті дамытудың...

СОТ ҚҰЖАТТАРЫНА АПОСТИЛЬ ҚОЮ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ВЕБ-ПОРТАЛЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

Қазіргі жаһандану жағдайында азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен...