Қызылордада есірткі жарнамасы бар граффитиларды жою акциясы өтті

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Respublica» партиясының өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасы бар граффитилерді жою бойынша акция жүргізді.

Қызылорда қаласының әртүрлі аудандарында орналасқан ғимараттардың қабырғаларынан 30-дан астам граффити-жазулар жойылды.

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1 бабына сәйкес «Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.
Егер бұл қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған болса, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау...

Жер – өңірдің басты байлығының бірі: оны ұтымды әрі тиімді пайдалану – ортақ міндет

Жер – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық дамуының негізгі...

Қазақ – бақытты әрі жасампаз ұлт

«Біз ешкімнен кем емеспіз. Көршілерімізбен де, басқа мемлекеттермен де...

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...