ҚАЖ Департаментінде жедел кеңес өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінде Ұлттық ұланның әскери 3660 бөлімінің қолбасшылығымен бірлесіп жедел кеңес өткізілді.

Кеңеске Департаменттің және ведомстволық бағынысты мекемелердің жедел және режимдік қызметтерінің, тәрбие мен кезекші бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ командирлер, әскери наряд бастықтары және 12, 14 және 57 мекемелерге кіретін әскери қызметшілер қатысты.

Қатысушылар ҚАЖ мекемелерінде сотталғандар арасында суицидтің және басқа да төтенше оқиғалардың себептерін қарастырды.

Проблемалық мәселелерді талқылау барысында, ҚАЖ қызметкерлері мен әскери қызметшілердің әлеуетті суицидтермен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі практикалық және алдын алу шаралары мен мінез-құлық үлгілері әзірленді.

Сондай-ақ, отырыста жедел-режимдік желі мәселелері талқыланды. Жиын соныңда, ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы нақты міндеттер қойып, орындау мерзімдерін анықтады.

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау...

Жер – өңірдің басты байлығының бірі: оны ұтымды әрі тиімді пайдалану – ортақ міндет

Жер – мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және стратегиялық дамуының негізгі...

Қазақ – бақытты әрі жасампаз ұлт

«Біз ешкімнен кем емеспіз. Көршілерімізбен де, басқа мемлекеттермен де...

Тіл – халықтың қазынасы

Тіл – халықтың қазынасы» деген сөз бекер айтылмаған. Ана...