Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған Мәртөк ауданының тұрғыны Б. биылғы жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық пробация қызметіне есепке алынды. Алайда ол, жаза өтеу талаптарын бұзып, пробация қызметіне хабарламастан тұрғылықты мекенжайын тастап шығады және шекара асып жазадан жалтармақ болады. Сонымен қатар, пробация қызметкерлерімен кешкi уақытта мекенжайын тексеру кезінде бірнеше рет тұрғылықты мекен-жайында болмағандығы анықталады.
Сот белгілеген жаза өтеу тәртібін орындамай, пробация қызметінің бақылауынан жалтарып, заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін Мәртөк аудандық пробация қызметкерлері аталған пробация есебіндегі сотталған азаматтың жазасын «бас бостандығынан айыру» түріне ауыстыруға қатысты Мәртөк аудандық сотына жадығат жолдайды. Тиiсiнше, сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, сотталған Б-ның жазасының өтелмеген мерзімі, яғни 7 ай 15 күн мерзімін бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға қаулы шығарды.
Ашық сот отырысына Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған: қайта қылмыс жасауға бейім пробация есебінде тұрған сотталғандар қатыстырылды.
Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы


