Бірінші сыныпқа қабылдауға қанша өтініш түсті?

Қазақстанда екі айдың ішінде бірінші сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің мәліметінше, бірінші сыныпқа қабылдау биылғы 1 сәуірде басталып, 2023 жылдың 1 тамызына дейін жалғасады.

«Бүгінгі таңда балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түсті. Оның ішінде балалардың 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдаған», — делінген хабарламада.

Биыл мемлекеттік тілде білім алғысы келетін бірінші сыныпқа баратындардың қатары көбірек екені айтылды. Қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылдау бойынша ең жоғары көрсеткіштер қатарында Қызылорда (94,1 пайыз), Маңғыстау (93,2 пайыз), Ұлытау (82,5 пайыз), Түркістан (80,6 пайыз) және Жамбыл (79,4 пайыз) облыстары бар.

Қазіргі уақытта бірінші сыныпқа қабылдау туралы өтініштердің жоғары көрсеткішін Қызылорда (92 пайыз), Ұлытау (83,7 пайыз), Шығыс Қазақстан (78 пайыз), Маңғыстау (87,1 пайыз), Түркістан (79,8 пайыз) облыстары бастап тұр.

Азаматтарға ыңғайлы болу үшін қызмет автоматтандырылған. Құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы қабылданады. Бірінші сыныпқа 6 жастан бастап балалар ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.

Сонымен қатар денсаулық жағдайы туралы құжаттар және 3х4 көлеміндегі екі фотосурет тапсырылуы тиіс. Алдын ала болжам бойынша, биылғы жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам қазақстандық бала бірінші сыныпқа барады деп жоспарланып отыр.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?