12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Тергеу изоляторында тәрбие жұмысы қалай жүргізіледі?

Адамды түзеу оңай іс емес. Майысқан темірді немесе қисық өскен талды түзетуге болады.  Ал түрлі қылмыс жасағандарды тәрбиелеу, өмірге қайта бейімдеу теміртордан шыққан соң, қоғамға пайдасы тиер толыққанды азамат етіп, шығару үшін түзеу мекемелеріндегі тәрбие жұмысы бөлімі қарқынды жұмыс атқарады.

Осы орайда,Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу Арнайы контигент арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бөліміне жүктелген.

Бөлімде 1-жасақ бастығы, 1-психолог пен 2- теолог және 1-кітапханашы жұмыс жасайды.

Мекемедегі тәрбие жұмысын бақылап үйлестіруші мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,әділет полковнигі Зиябеков Жәнібек Мелдебекұлының айтуы бойынша :

-АКАӘПТЖБ өз жұмысын ҚР қылмыстық-атқару заңнамасына, сондай-ақ осы қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Мекемеде сотталғандардың түзелуіне, яғни заң талаптарын сақтауға, еңбекке және өзге де қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысуға, білім және мәдени деңгейін арттыруға, оңалту бағдарламаларына қатысуға ынтасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Оларға бөлім қызметкерлері адамгершілік,әлеуметтік-құқықтық эстетикалық.еңбек,дене тәрбиесі мен психологиялық және теологиялық қолдау жұмыстарын жүргізіледі.

Тәрбиелілік іс-шараның негізін ұйымдастыру жасақ бастығы әділет аға лейтенанты Н.Ниязовқа жүктелген.

—  Сотталғандарды тәрбиелеу күн сайынғы таңертеңгі және кешкі саптық тексерістен басталады. Қажет болған жағдайларда сотталғандарға қосымша тексеріс жүргізіледі.

Біруақытта сотталғандардың сыртқы түрі және киімнің белгіленген нысанға сәйкестігі тексеріледі. Бұдан соң, сотталғандарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн, еңбек және демалыс шарттарын түсiндiріп, заңнамалық актiлерге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында,әлеуметтiк-құқықтық сабақтар жүргізіледі, жоспар бойынша бекітілген іс-шараларға қатыстырылады. Сондай-ақ, топтық және бұқаралық тәрбие жұмыстары (сабақтар, дәрiстер, жиындар, диспуттар, конкурстар, көркем өнерпаздар байқаулары, спорттық-ойын сауық iс-шаралары жүргізіледі.

Бұл іс-шараларды өткізу үшін біздің бөлім қызметкерлері әртүрлі қоғамдық қорлар, мемлекеттік мекемелер мен әртүрлі ұйымдармен байланысып,бірлесе отырып жұмыс жасаймыз.

Басты мақсатымыз сотталғанды өмірге қайта тәрбиелеп,қоғамға пайдалы азамат етіп шығару – дейді, АКАӘПТЖБ-нің бастығы міндетін атқарушы Н.Ниязов.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...