ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес, мекемелерде сотталғандардың түзелуіне, яғни заң талаптарын сақтауға, еңбекке және қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысуға, білім және мәдени деңгейін арттыруға, оңалту бағдарламаларына қатысуға ынтасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіледі. Осыған сәйкес,Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылорда облысы бойынша №68 мекемесінің арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысын жүргізу бөлімі Қызылорда облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкері
Амануллаева Тоғжан Есенгелді қызымен байланысып, шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандарына ауқымды іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара аясында алдымен мекеме бастығы, майор Қайырбек Ильясов мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеуші азаматтарының алдына шығып, іс-шараның мақсатын айқындап, сөз сөйлеп ашып берді.
Бұдан соң сотталғандар жастардың дайындап әкелген «Туған жерге сағыныш» деген тақырыптағы концерттік бағдарламасын көріп тамашалады. Концерт бағдарламасы бойынша жастар туған жер, ана, махабат тақырыбындағы және Ш.Қалдаяқовтың әндерінен попурилер орындады.
Тыңдаушылар орындалған ән-күйге қосылып, өлең айтып, әнші жастарды қолпаштап, шапалақтарын аямады. Бұдан соң, бағдарлама жоспары бойынша жазасын өтеушілер қол күресі мен кір тасын көтеріп жарысқа түсті.
Жарыс нәтижиесінде, шыдамдылық танытып,ептілік көрсеткен шымыр жігіттерді облыстық жастар ресурстық орталығы бастығының орынбасары Сисенбиев Ерлан Мырзалыұлы орталық бастығының атынан арнайы мадақтамамен марапаттады. Жарысқа қатысып, мерейі өсіп марапатталып, есті әндер тыңдап,көңілі сергіген қамаудағы азаматтар жастар мен мекеме әкімшілігіне ризалығын білдірді. Бүгін мекеменің жарқыраған акт залына келіп,әсем әуен естіп, спорттық жарысқа қатысып, біраз сергіп қалдық.
Концерт қойған жастардың әсем әндері мен жалынды жастығы бізге қуат берді. Көңліміз көтеріліп, аз уақытта болсада бостандықтың тынысын сезгендей болдық. Үйде бәрімізді өрімдей ұл-қыздарымыз күтіп отыр деп ойлаймын. Бостандыққа шығуыма аз қалды. Отбасыма оралған соң, балаларымды осындай өнерлі етіп тәрбиелеймін, — деді 38 жастағы Ш. есімді сотталған.


