Түрмеге ұялы телефон алып кірмек болған бойжеткен ұсталды

ҚАЖ мекемелеріне тыйым салынған заттардың өтуі қатаң бақылауда болса да тәртіпке бас игісі келмейтіндердің саны азаймай тұр. Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты № 54 (қауіпсіздігі орташа) мекемесінің қызметкерлері туысқанына тыйым салынған затты кіргізбекші болған азаматшаны ұстады.
Анықталғандай Шымкент қаласының Азере есімді тұрғыны өзінің жазасын өтеп отырған туысына яғни сотталғандарға тыйым салынған заттарды сәлемдемеге жасырып салып келген. Ол сәлемдеме ретінде аяқ киім тазалағыштың ішіне 3 дана ұялы телефон жасырып кіргізбекші болған. Алайда тексеру тобы мамандарының жіті тексеру барысында аталған тыйым салынған заттар табылып тəркіленген.
Қазіргі таңда ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы 481 бабына сай іс-құжаттар жинақталып сотқа жолданды.

Орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың туыстарымен бейне кездесулер ұйымдастырылды

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның орташа қауіпсіздік мекемесінде сотталғандардың жақын...