Ақтөбеде пробациялық бақылаудан жалтарып, 14 құқық бұзушылықка барған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Ұрлық жасағаны үшін 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған Ақтөбе қаласының тұрғыны Ж. биылғы жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметіне есепке алынды. Алайда ол, жаза өтеу талаптарын бұзып, яғни пробация қызметіне хабарламастан қаладан тыс жерге шығады және пробация қызметіне тiркелуге келмей қояды. Сонымен қатар, сот үкімімен тағайындалған 100 сағат мәжбүрлі еңбектi орындамайды. Мұнымен қоса пробация қызметкерлерімен кешкi уақытта мекенжайын тексеру кезінде тұрғылықты мекен-жайында болмай, осы уақыт аралығында барлығы 14 құқық бұзушылықка жол бергендігі анықталады.

Сот белгілеген жаза өтеу тәртібін орындамай, пробация қызметінің бақылауынан жалтарып, заң талаптарын өрескел бұзғаны үшін Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметкерлері аталған пробация есебіндегі сотталған азаматтың жазасын «бас бостандығынан айыру» түріне ауыстыруға қатысты Ақтөбе қаласының №2 сотына жадығат жолдайды. Тиiсiнше, сот пробация қызметінің ұсынысын қанағаттандырып, сотталған Ж-ның жазасының өтелмеген мерзімі, яғни 2 жыл 6 ай 11 күн мерзімін бас бостандығын айыру жазасына ауыстыруға қаулы шығарды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Өндіріп алушының  өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау мемлекеттік қызметтің маңызды аспектілері

          Ақмола облысының Әділет департаменті көрсететін маңызды мемлекеттік қызметтердің бірі...

Как стать изобретателем и получить патент на изобретение

Изобретатель – это звучит гордо, ведь благодаря их изобретениям...

Географическое указание и их роль в развитии региональных брендов

          Региональный бренд – это устойчивая совокупность представлений о территории,...

Географиялық нұсқау және олардың өңірлік брендтерді дамытудағы рөлі

Өңірлік бренд - бұл өңірдің өнімі, мәдениеті, дәстүрі мен...