Алматы облысында сотталған әйелдер қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №10 мекемесінде саяси репрессия мен ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған «Саяси құғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына мәңгілік тағзым» атты іс-шарасы өткізілді.

Іс шараны, мекемеде жазасын өтеп жатқан жасы үлкен аналардың қазақ халқының тауқыметі жылдарда ұранына арналған «Елім-ай » халық әнін орындаған хормен ашылды. Шараның ақпараттық бөлігінде «Үш бәйтерек», «Бес арыс», Ұлы зиялылардың өмір жолы жайлы «Ұлт жандылар жолы» фильмі көрсетіліп, қазақтың мемлекет қайраткерлерінің қызметінен ақпараттар берілді.

Іс шара соңында, жазасын өтеп жатқан әйелдер өз шығармаларынан өлең оқып, «Елім-ай » театрланған би көрінісінен қойылым көрсетті.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...