Сотталғандар байқауға қатысып, төлем картасын ұтып алды

Жат ағымның жетегіне ергендерді оңалту күрделі жұмыс. Әйтседе, № 68 мемлекеттік мекемесінің Арнайы контигент арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің теололог пен психолог мамандары бірлесе отырып, оңалту іс-шараларын үздіксіз жүргізіп отырады.

Соның бірі ретінде таяуда мекеменің оқшауланған аймағында ұсталынатын сотталғандарына сурет салу байқауы өткізілді. Байқау шарты бойынша, қамаудағы азаматтар «Рәміздерім- мақтанышым» іс-шарасы аясында ұлттық нақыштары бар суреттер салып, байқауға қатысты.

Байқау болғандықтан ынталандыру мақсатында « Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры демеушілік жасады.

Қордың үйлестірушісі Дастанбекқызы Ұлбибінің айтуы бойынша: Бүгін сотталған азаматтар өз қалаулары бойынша, қымыз жинақтарын,киіз үй, домбыра мен бәйтеректің эскизін салды. Жарыс нәтижиесі бойынша 1-орынға 5 мың, 2- орынға 4 мың , 3- орынға 3мың және екі ынталандыру силығы ретінде 2 мыңдық « Тарлан » төлем картасын бердік.

Бұл картамен олар таксафон арқылы жақындарымен сөйлеседі. ҚР Қылмыстық -атқару кодескінің 92-бабы 7-тармақшасына сәйкес, мекеменің оқшауланған аймағында  ұсталушы сотталғандармен жұмыс жасау қиынырақ. Адамды түзеу оңай іс емес. Майысқан темірді немесе қисық өскен талды түзетуге болады.  Ал түрлі қылмыс жасағандардың, әсіресе,  экстремизм- тероризм баптары бойынша сотталған азаматтардың  сана-сезіміне саңлау түсіру, тәрбиелеу, өмірге деген көзқарасын өзгерту өте ауыр жұмыс.

Әйтседе, бүгінгі іс-шараға қатыса отырып олар олар адал еңбектерімен мақсатқа жетіп, нәтижие шығара алатындықтарына көз жеткізді. Әрі сурет салу барысында жағымды ойларға беріліп, өз қабілеттерін танытты. Силыққа ие болып, жақындарымен сөйлесуге мүмкіндік алды.

Бұндай іс-шаралар олардың бостандыққа шығуға, түзелу жолына түсуге талпындырып, оң бағытқа жетелейтіні анық- дейді, мекеме теологы, әділет аға лейтенанты Р.Рузиев.

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...