Жетімдер үйіндегі балалардың колониядағы үш сағаттық бақыты

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаментінің №10 мекемесінде балалар үйлеріндегі сотталған әйелдердің балаларына арналған іс-шара өткізілді.

Мекеме үшін жетімдер үйіндегі балалардың колониядағы аналарымен кездесуі жыл сайынғы дәстүрге айналды. Балалармен кездесуге тек ана ғана емес, барлық сотталған әйелдер де дайындалады. Бұл жолы да, мекеме клубында сотталғандар мерекелік атмосферамен дәмді тағамдардан дастархан жайды.

Әйелдер өз қолдарымен жасалған, ертегі кейіпкерлерінің костюмдарын киіп, іс-шара аяқталғанға дейін балалардың көңілін көтерді.

Бүлдіршіндер үшін әйелдер қуыршақ театр қойылымын ұйымдастырды. Содан кейін, сотталған әйелдер өздерінің дайындаған сыйлықтарын балаларға табыстады.

Сотталғандардың бірлескен күш-жігерімен жарқын пинаталар құрылды. Балалар төбеге ілінген, кәмпиттер мен шоколадтармен толтырылған пинатаны ағаш таяқшамен қуана-қуана сындырды.

Сонымен қатар, мекеме ішіндегі «Балалар үйінің» балаларына арналған сыйлықтармен және концерттік бағдарламамен мекемеге Междуреченск ауыл әкімдігінің қызметкерлері келді. Келген қонақтар іс-шараны көңілді әндермен безендірді. Сондай-ақ, концертке мекеме ішіндегі «Балалар үйінде» ұсталатын балалары бар сотталған әйелдер шақырылды.

Іс-шара соңында, сотталған аналар мен келген балаларға қарым-қатынас жасау үшін жеке уақыт берілді.

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...