Жастар ресурстық орталығы мен пробация қызметі меморандумға қол қойылды. «Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры Жанар Губашева мен №1 Бәйтерек аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Тельман Тукешов пробация қызметінің есібіндегі 14 пен 35 жас аралығындағы жастарды қоғамға бейімдеу, рухани-адамгершілік және дене күш-қуатының әлеуетін дамыту, қайта қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында жастар арасында әр түрлі спорттық шаралар ұйымдастыру, жүйелі түрде жұмыстар жүргізу туралы ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.


