Қазіргі таңда Орал қалалық пробация қызметінің есебінде 8 кәмелетке толмаған жасөспірім тұр. 2023 жылдың 01 маусымында «Жас ұрпақ» жасөспірімдердің әлеуметтік даму орталығында орналасқан пробация кабинетінде Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты – жазғы демалыс кезінде кәмелетке толмағандар арасында құқықтық тәрбие беру және құқық бұзушылықтың алдын алу. Орал қ. пробация қызметінің бастығы әділет майоры Т.С.Құрманалиев және ЖӘДО «Жас ұрпақ» басшысы С.А.Тоқмамбетов құттықтау сөз сөйледі.
Аталған іс-шараға Орал қ. әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы А.Г.Ирғалиева, психолог А.Айжарықова, кәмелетке толмағандар, Орал қ. пробация қызметінің инспекторлары қатысты. Тренингке балалар белсене қатысып, «Абайдың қара сөзінен үзінді» фильмінің көрсетілімі де ұйымдастырылды. Шара соңында балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.


