№2 Республикалық мемлекеттік мекемесіне (төтенше күзет) экскурсия ұйымдастырылды

Астана қаласы Сарыарқа ауданының пробация қызметі Астана қаласы бойынша Сарыарқа ауданының прокуратурасымен бірлесе отырып, пробациялық бақылаудағы сотталғандарды тәрбиелеу мақсатында №2 Республикалық мемлекеттік мекемесіне (төтенше күзет) экскурсия ұйымдастырылды. Осы мекеменің режим және қауіпсіздік бөлімі қызметкерінің сүйемелдеуімен сотталғандар бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандарды ұстау жағдайларымен таныстырылды, оларға ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерге арналған камералар, серуендеуге арналған орындары көрсетілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандарды пробациялық бақылауды орындамауы, сондай-ақ қайта қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуы болып табылады.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...