ҚР ІІМ  ҚАЖК №24 мекемесі қызметкерлері саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніңде Өскемен қаласы Оралхан Бөкей атындағы кітапханаға барып кездесу өткізді, кітапхананың өлкетану бөлімі маманы  Руслан Бабиров тарихи деректерден мысал келтіріп өткен ғасыр қазақ халқы үшін ауыр нәубат пен қасіреттерді, «екінші ақтабан шұбырындыны» кешу ғасыры болғаның баяндады. Сондай ақ саяси қуғын-сүргін қазақ жерінде 1928 жылдың ортасында Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталғаның, оларға «буржуазиялық ұлтшыл» деген айып тағылғаның, олардың әртүрлі  мерзімге түрмеге қамалғаның, ату жазасына кесілгенің, еріксіз жер аударғандарың айтып берді.  Саяси құрбан болған Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек  Аймауытұлы, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Тұрар Рыскұлов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Беймбет Майлиннің тағдыры туралы деректі фильм көрсетілді. Мекеме қызметкерлері кездесу әсерлі өткенің айтып, кітапхана қызметкерлеріне алғыс білдірді.

ҚР ІІМ ҚАЖК №24 мекемесі қызметкері

Арай Кошербаева

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...