Ақтөбеде қоныс колониясының қызметкерлері азқамтылған отбасының балаларын қуантты

Бүгін Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №9 мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлері «1 маусым – Балаларды қорғау күніне» орай азқамтылған отбасылардың үйлеріне барып, балаларын мерекемен құттықтады. Аталған ізгі іс шараға №9 мекемесінде жазасын өтеп келетін сотталған азаматтар мен азаматшалар да атсалысты.
№9 мекемесінің тәрбие бөлімінің қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларды бірінші кезекте тұтынатын азық- түлiктер мен тәттілермен қуантса, балалар кештеріне арналған аниматорлардың костюмдерін киген сотталғандар балаларға жұмбақтар жасырып, би биледі. Тосын сыйға тәттілер таратып, балалардың көңілін көтерді.

«Балалардың мерекесі күнінде тәрбие бөлімінің қызметкерлері де қалыс қалмай, бірауыздан балаларға мерекелік көңіл- күй, қуаныш сыйлағымыз келді. Бұл орайда мекемедегі жазасын өтеуші сотталғандар да өз үлестерін қосты.
Жалпы, осындай қайырымдылық шаралары сотталғандардың жүректеріне мейірім сыйлай отырып, оларды қоғамға бейімдеуде және қайта қылмыстың алдын алуда пайдасын тигізеді деп сенеміз»,- дейді №9 мекемесiнің сотталғандар арасындағы әлеуметтік- психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің жасақ бастығы әділет капитаны Руслан Төребаев.

Балалар мерекесінде ҚАЖ қызметкерлері тарапынан қайырымдылыққа бөленген азқамтылған отбасылардың екеуі де баспана жалдап, бала күтіміне берілетін айсайынғы жәрдемақымен күнелтіп отырғандар. 6 баланың анасы және 4 баланың жалғыз асыраушысы болып танылатын аналар балаларының мерекесінде елеп, қамқорлық жасап, балаларына қуаныш сыйлаған ҚАЖ қызметкерлеріне ерекше алғыстарын айтып, көздеріне жас алды.

Гүлфайруз Төремұратова,
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні

16 наурыз – «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық...