№2 мекеме қызметкерлері есірткі құралдарының ену арналарын жабу бойынша жұмысты жалғастыруда. Алдын ала жедел ақпарат бойынша жедел және тәртіп қызметтерінің қызметкерлері 9 атқыштар ротасының 6505 әскери қызметшілерімен бірлесіп, сотталған А.-ның атына жолданған сәлемдемені тексеру кезінде салмағы шамамен 1,5 килограмм болатын құрамында темекісі бар көк түсті полиэтилен пакеті табылды, оның ішінде сұр-жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат болды.
Аталған факті бойынша Аршалы ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылды. Бұл зат сот-химиялық сараптамаға жіберілді.


