Қызылорда қалалық пробация есебінде 600-ге жуық сотталған есепте тұрады. Олармен аймақ инспекторлары күнделікті профилактикалық, мекенжайынан тексеру жұмыстарын жүргізеді. Дегенмен олардың арасында да пробациялық бақылауға алынғанмен, жаза өтеуден жалтарып, тіркеуге келмейтін сотталғандар да кездеседі. Солардың бірі Е. есімді сотталған. Ол сот үкімімен ұрлық бабымен кінәлі деп танылып, 3 жыл бас бостандығын шектеу жасазы тағайындалған. Сонымен қатар сот үкімімен алкогольден мәжбүрлеп емдеу шарасы белгіленген. Ол сот үкімі заңды күшіне енгеннен бері қалалық пробация есебіне алынғанымен, тіркеуге келмей жүргендігі анықталып, қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция учаскесінің полиция инспекторларымен іздестіру жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда сотталған азаматты сот үкімімен белгіленген алкогольден мәжбүрлеп емдеу үшін пробация қызметкерлері наркологиялық орталыққа жатқызған, ем қабылдауда.
— Ұрлық бабымен сотты болып, пробация есебіне алынған азаматты сот үкімінде белгіленген алкогольден мәжбүрлеп емдеу үшін наркологиялық диспансерде емделуге жатқызылды. Жыл басынан пробация есебіндегі 11 сотталған наркологиялық диспансерге жатқызылып, ем қабылдауда. Біріне ем 1 айға, енді біріне 6 айға дейін ем тағайындалады»,- дейді пробация қызметінің аға инспекторы Самрат Спанов.


