ҚАЖ қызметкерлерінің балалары өнерлерін көрсетті

1 маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Осыған орай, № 68 мемлекеттік мекемесінде кадр саясат тобы «Біз бақыттты баламыз» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Оған жеке құрам мен ерікті жалдамалы қызметкерлердің балалары аналарымен келіп қатысты.

Алғаш болып сөз алған мекеме бастығы,майор Илясов Қайырбек Есентайұлы келушілерге құттықтау сөзін арнады.

Бұдан соң, балалар жеке–жеке сахнаға шығып, өздерін таныстырып, ата-аналары мен отбасы туралы айтып берді.

Үй тапсырмасы ретінде берілген «Мен бақытты отбасының баласы» деген онлайн байқауда Қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің қызметкері Танбаева Жадыраның қызы Сейітқасым Шапағат Азатқызының жазған шығармасы ерекше болып оқылды.

Келесі кезекте, Режим және Күзет бөлімі бастығының орынбасары, әділет капитаны Романкулов Ерланның балалары тақылдап тақпақ айтып, қиын жұмбақтарды шешіп озат, алғыр екендігін танытты.

Ал, сәлем- сауқат қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы, старшина Омарова Салтанаттың қызы сурет салу үйірмесінде , майлы бояумен салған үш туындысын көрсетті.

Тәрбие бөлімінің теолог маманы Рузиев Рашидтің қызы мен аға психолог Мырзалы Айзаттың ұл-қыздары ертек айтты .

Бас есепші Смайлова Мадина мен Тыл бөлімінің аға инспекторы Манызбаева Жадыраның ұл-қызы былдырлаған бал тілімен көрермендерді сүйсінтті.

Сондай- ақ, бұл күні жас өрендер ата-аналарының жұмыс бөлмелерін аралап көрді.

Іс- шара соңында өз өнерлерін көрсеткен балаларға кадр саясат тобынының аға инспекторлары М.Тұрымбетов пен Ж.Даулетиярова көлемді силықтар беріп, бүлдіршін, балдырғандарды қуанышқа бөледі.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...

В женской колонии области Абай отметили День национальной одежды

В женской колонии, подведомственной Департаменту уголовно-исполнительной системы по области...

Абай облысындағы әйелдер колониясында Ұлттық киім күні атап өтілді

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты әйелдер колониясында...