12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» айлығының ашылуы өтті

1987 жылы Біріккен Ұлттар ұйымының кезекті ассамблеясында 26 маусым — «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні» деп бекітілді. Сол уақыттан бері қоғам дертіне айналған есірткімен күрес Әлемде тұрақты түрде жүргізілуде.

Осыған орай Түркістан облысы жастарының нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру бағытында «Жібек жолы» саябағында 1 айға жоспарланған іс-шаралардың ашылуы өтті.

Ауқымды шараға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен полиция қызметкерлері, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, адами-әлеуетті дамыту басқармасы, денешынықтыру мен спорт басқармасының өкілдері мен жастар қатысты.

Ал полиция полковнигі Қ.Сахов өз сөзінде: «Бүгін жылдағы дәстүрге сай есірткіге қарсы айлық іс-шараларымыздың ашылымын ұйымдастырып отырмыз. Жалпы қылмыскерлерді құрықтап, есірткіні жою біздің күнделікті күн тәртібімізде, назардан тыс қалмайды. Сол себепті есірткімен күресте жұмыла жұмыс атқарайық!»-деп атап өтті.

Осылайша «Есірткіге жол жоқ!» ұранымен ұйымдастырушылар сөз сөйлеп, өнерпаздар өнер көрсетті. Полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағы мен кинолог мамандары жауынгерлік дайындықтарын, кәсіби шеберліктерін көрсетер жаттығуларын жасап, жиналғандарға ерекше әсер сыйлады.

Еліміздің болашақ тұтқасы саналатын жасөспірімдер есірткіден бойларын аулақ ұстап, өз өмірлерін зиянды әдеттерден қорғап, болашақтарына балта шаппау аясында ұйымдастырылған шара Түркістан облысы полицейлері тарапынан үнемі өткізіліп отырады.

Соңында тиісті сала мамандары: «Дені сау ұлтты қалыптастыру- баршамыздың қоғам алдындағы міндетіміз!»- деп атап өтіп, алдағы жоспарларды нақтылап тарқасты.

Маңызды шара қатысушы сала мамандарының шеруімен қорытындыланды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

1 мамыр — Қазақстан халқы бірлігі күніне шығармашылық сайыс өтті

Халықаралық достық күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті...

Сотталғандар бірлік пен бейбітшілік мерекесін атап өтті

           Жыл сайын Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты...

Концертную программу организовали для пожилых людей сотрудники УИС

В канун 1 мая Дня единства народов Республики Казахстан...

В исправительном учреждении Шемонаихинского района отметили День единства народа Казахстана

Казахстан - это многонациональная страна, в котором проживает более...