Әскери полиция қызметкерлері тергеу изоляторына келді

Оларға күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың және заңды бұзғаны үшін сотталғандардың қалай өмір сүретіні көрсетілді. «Қызылорда горнизонының әскери полиция бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 50 қызметкері 23 мамырда Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД- ға қарасты № 68 мемлекеттік мекемесіне келді.

Басты мақсат — пара алып, пара бергендерге қандай жағдайда жазаны өтеу керектігін көрсету немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу үшін профилактикалық іс-шараға қатыстыру болып табылды. Экскурция барысында,тергеу изоляторында қамаудағылардың ұстау шарттарымен таныстырып, мекеменің ішкі аумағындағы шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталғандардың жатаханасы, ондағы тіршілік пен жүріп-тұру ауласы көрсеткен Режим бөлімінің бастығы, әділет майоры Асылбек Қалдыбекұлы Төребеков:

Бүгінгі іс-шарадан соң, әрбір адам, мейлі басшы болсын, мейлі қатардағы қызметші болсын, сыбайлас жемқорлық іс-әрекеті жасалған жағдайда оның қандай зардаптарын күтетінін анық түсініп, сезіне алады.

Мұндай кездесулер өте тиімді және сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алуға көмектеседі.

Біздегі қамаудағы азаматтардың барлығы, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін де бірдей жағдайда ұсталады.

Камераларда сән-салтанат жоқ. Мұнда екі қабатты кереуеттер, алюминий шыныаяқтар мен қасықтар, терезелердегі торлар және қатаң күзетшілер бар.

Жағдай күдіктілер, айыпталушылар, сотталушылар мен сотталғандар барлығына бірдей.Ешқандай артықшылықтар қарастырылмаған.

Мұнда 1,5 сағатқа созылатын күнделікті серуендеу бар; біз тамақ, төсек-орынмен қамтамасыз етеміз; туыстарымен кездесулер ұйымдастырамыз.
Күзетеміз,қадағалаймыз,бақылаймыз тіптен өмірге қайта тәрбиелеп, бостандыққа шыққанға дейін өз қызметтік міндеттерімізді жауапкершілікпен атқарамыз- деп, қысқаша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ия, дуалды қорған,артында үрей тудыратын темір тор темір есікті көргендер қандай болмасын құқық бұзып, заң шеңберінен аттағандардың өтеуі жаза екенін ұғынып қайтқандай болды.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...