«Подучетник» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы

2023 жылдың  15-25 мамыр айы аралығында Астана қаласы Байқоңыр аудандық пробация қызметі, Астана қаласы Байқоңыр ауданының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі мен Астана қаласы Байқоңыр ауданының Прокуратурасының қатысуымен «Подучетник» республикалық профилактикалық іс-шарасы елордада жүргізілуде.

Ол  қоғамнан оқшауламай жазаға тартылған сотталғандардың тарапынан әкімшілік құқық бұзушылықтар мен қайталама қылмыстардың алдын алуға бағытталған. Сонымен қатар, бұл олардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша бақылау болып табылады.

Тексеріс барысында сотталғандармен және олардың туыстарымен профилактикалық  әңгімелер өткізілді. Қайталама қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарға ерекше назар аударылды.

Пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан бірқатар бұзушылықтарды анықтады. Осыған байланысты оларға тәртіптік жаза қолданылды, ал кейбір сотталғандар бойынша материалдар бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстыру үшін сотқа жіберілді.

КЕРБУЛАКСКАЯ РАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА ВОЗОБНОВИЛА РАБОТУ ПОСЛЕ КАПИТАЛЬНОГО РЕМОНТА

В области Жетісу продолжается модернизация инфраструктуры здравоохранения. После капитального...

КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Жетісу облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кербұлақ...

Қызылорда облысының Шалқия ауылында алғашқы үй шаруашылықтары жылдамдығы жоғары интернетке қосылды

Қызылорда облысының Шалқия ауылында алғашқы абоненттер жылдамдығы 100 Мбит/с...

Медицина болашағы: Қонаев қаласының дәрігері Қытайда роботтандырылған хирургияның озық тәжірибесін меңгеруде

Медицина кадрларының кәсіби дамуы, заманауи технологияларды игеру және халықаралық...