Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ Д- ға қарасты № 68 мекемесінің Режим және Күзет бөлімі қызметкерлері жылдық жоспар кестесі негізінде, қаладағы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мамандарымен бірлесе отырып «Өрт болған жағдайда» оқу-жаттығуын ұйымдастырды.
Оқу-жаттығуға өрт сөндіру экипажы автокөлігі, мекеме қызметкерлері, және еріктілерден құралған өртті сөндіруші топ қатысты.
Бұл оқу-жаттығудың басты мақсаты қызметкерлердің өрт болған жағдайдағы жылдам әрекетін жетілдіру.
Іс-шара басталардан бұрын, алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша дайындалған сценари барысы түсіндіріліп, жеке құрамға нұсқаулық жүргізілді.
Өрт мекеменің шаруашылық ауласында болды.
Темекі шоғының жануынан шыққан жалын ауланы лезде түтінге бөлеп, аумақта өрт шығу қауіпін тудырды.
Тұтанған жалынды № 1 Бақылап өткізу бекетінің қызметкерлері байқап,орталық басқару пультіне хабарлады.
Орталық басқару пультіндегі бақылаушы-оператор мекеме бастығының кезекші көмекшісіне баяндап,тиісті шаралар қабылдады.
Мекеме аумағында осы жағдайда телефон аппараттары, рациялардың мінсіз жұмыс істеп тұруы қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, сыртқы және ішкі қарауыл күзеті күшейтіліп, бекеттерге қосымша бақылаушылар қойылып, белгіленген тәртіппен әрекет жасалынды.
Өрт сөндіруші көлігі келгенше ерікті өрт жасағы өрт қаупі туындаған кезде өрт ішінде қалған 1адамды қауіпсіз жерге көшіріп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Дер кезінде жеткен өрт сөндіру мамандары тілсіз жауды ауыздықтап, шарпылған жалын өзге аумаққа өтпестен сөндірілді.
Осылайша, өрт сөндіру шаралары бойынша барлық қолға алынатын әрекеттер толықтай пысықталынды.
Өрт оқиғасы соңында оқу-жаттығу сабағын өткізу кезеңіндегі жеке құрамның іс-әрекеттеріне қорытындылау жүргізілді.
Бүгінгі өтілген іс-шара нәтежиесі бойынша, жеке құрам өз өмірі мен мекемнің материялдық құндылықтарын сақтауға бағытталған кезекті жаттығу жұмысын жоғарғы деңгейде өткізді деп бағаланды.
Өртке қарсы насихат әрдайым қажет. Сақтық шарасының пайдасы мол- деді, РжКБ-нің бастығының орынбасары,әділет капитаны Е.Романкулов


