12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұрпақтан — ұрпаққа

Біріккен Ұлттар ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен 15 мамыр Халықаралық отбасы күні болып белгіленген еді. Жиырма жылдан бері қолданыста болған бұл мерекенің мақсаты – отбасы институтының маңызын арттыру, шаңырақтағы бірлік пен ынтымақты нығайту, аға буын мен кейінгі буын арасындағы сыйластықты сақтау. Алматы қаласы Жетісу ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы биыл Халықаралық отбасы күнін ерекше атап өтті.
Салтанатты шараға орталықтың тұрақты қатысушылары шақырылды. Бұрын түрлі салада қызмет етіп, зейнетке шыққаннан кейін де қоғамның дамуына, отбасындағы тәрбиенің ақсамауына ауқымды үлес қосып жүрген қарттардың отбасы күнінде жастарға айтар ақыл-кеңесі, ұсыныс-тілегі аз болмады. Мысалы 67 жастағы Гүлмира Шамирова зейнетке шыққанша аспаз болып еңбек еткен. Екі қызынан 7 жиен көріп отырған зейнеткер қазір де жастарды еңбекке баулудан, айналасына дұрыс жол көрсетуден жалыққан емес. Ал 81 жастағы Жібек Нөкенова болса өмір бойы есепші болған ана. Еңбекте озат болған ардақты жан 7 бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 20 немересі мен 8 шөбересінің аяулы әжесі. Жібек апамыз да жастарға «Үйренемін, еңбек етемін деген адамға мүмкіндік мол. Отбасындағы тәрбие мықты, тәлім жоғары болуы үшін ата-ана балаларына жақсы бағдар беріп, түзу жол нұсқауы керек. Өзің жұмыс істемей отырып, балаңды еңбекке баулимын деу бекер. Өйткені, бала үшін ата-ана айна іспеттес. Бала – ата-ананың көрсеткен жолымен жүреді» дегенді айтудан шаршаған емес.


87 жастағы Ажар Якупованың да жастарға айтар өнегесі аз емес. Жеті баласынан 20 немере, 12 шөбере көрген Ажар апамыз сегіз қырлы, бір сырлы жанның бірі. Қанша жасқа келсе де өзі де үйренуден, өзгені де үйретуден жалықпайтын мұндай қариялар – халықтың қазынасы.
Шара барысында қариялар отбасының маңызы, бала тәрбиелеудің, немере, шөбере бағудың басты қырларына тоқталды. Өз тәжірибелерімен бөлісіп, өнерлерін, білгендерін паш етті.


Е.Ержанұлы,
«Заң газеті»

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...