Пробацияда жедел профилактикалық іс-шаралар өткізілуде

2023 жылдың 15-25 мамыр аралығында, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты Сарқан ауданының пробация қызметі учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, “Подучетник” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — рецидивтік қылмыстардың жолын кесу, сондай-ақ қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жаңа қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуының алдын алу болып табылады.

Жедел профилактикалық шараның алғашқы күндерінде тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзу фактісі анықталды. Жол берілген бұзушылық үшін, сотталған адамға жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ескерту шығарылды. Қайталама қылмыстарға жол бермеу мақсатында, сотталғандардың тұрғылықты және жұмыс істеу орындары бойынша тексеру кезінде әрбір сотталғанмен, олардың туыстарымен және оған әсер етуі мүмкін адамдармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...

День Шанырака — символ семейного тепла

Шаңырақ күні в рамках празднования Наурыза в учреждении было...