Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департамент №11 мекемесі аумағында ҚР ҚМ «№02 кәсіптік-техникалық мектебі» ММ жұмыс істейді. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық мектеп ғимаратында жазасын өтеуші жасөспірімдер «Құрылыс ағаш ұстасы», «Механикалық-құрастыру жұмыстарының слесары», «Металл бойынша токарь» топтарында 36-жазасын өтеуші оқиды. Токарь мамандығын оқып, бітірген түлектерге оқуды аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі сертификат берілді. Іс-шараға Кәсіптік-техникалық мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Ж.Касымов және СЕҰТ аға инспекторы әділет капитаны Т.Низамова қатысты.
Токарь мамандығын бітірген, 7-жазасын өтеуші 2 разрядты біліктілік бойынша мемлекеттік үлгідегі сертификат алды. Болашақта осы мамандықтарымен жұмыс жасауға болады. Кәсіптік-техникалық мектептің, оқу кезеңі күн сайын алты күнтізбелік айды құрайды, демалыс күндерінен басқа, тәулігіне үш сағаттан аспайды, өндірістік практика кәсіптік-техникалық мектептің цехтарында өткізіледі. Өндірістік практиканы аяқтағаннан және біліктілік емтихандарын тапсырғаннан кейін сотталғандарға мамандығы бойынша екі біліктілік беріле отырып, оқуды аяқтағаны туралы мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі.
№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан


