ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтарды алдын алу бойынша, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің алдын алу, азаматтармен тығыз сенімді қарым — қатынас орнату, сондай-ақ, ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру бөлігінде шараларды күшейту мақсатында, 2023 жылғы 15 мамыр мен 25 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының аумағында «Құқықтықтық тәртіп» Республикалық алдын-алу іс-шарасы өткізілуде.
Осыған байланысты, Алматы қаласы Бостандық ауданының пробация қызметі «Құқықтықтық тәртіп» Республикалық алдын-алу іс-шарасын өткізу кезеңінде, жазасын өтеуден жалтарған адамдарды анықтау, сондай-ақ, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жаңа құқық бұзушылықтарың алдын-алу бағытыгда жұмыс ұйымдастырды.
Алматы қаласы Бостандық ауданының пробация «Құқықтықтық тәртіп» Республикалық алдын-алу іс-шарасын өткізу басталғаннан бері, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы 5 ескерту берілді, сонымен қатар, Алматы қаласы Бостандық ауданының соты пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған «А»-ға қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы қаулы шығарды.


