Елордалық түрмедегі сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жұмыс кездесуі өтті

Ағымдағы жылдың 16 мамырында Ақмола облысы Аршалы кентінде орналасқан астана қаласы ҚАЖ Департаментіне қарасты №2 мекемесінің базасында Департамент басшылығының ұйымдастырумен мекемеде қылмыстық жазаларын өтеп жатқан сотталғандарды еңбекпен қамтуды ұлғайту бойынша жұмыстық кездесу өткізді. Жұмыстық кездесуге Бас прокуратураның 2 департаментінің прокуроры әділет кеңесшісі Е.А Тайкешов, «Енбек» РМК бас директоры Р.С Апеков және жеке кәсіпкерлер мен өндіріс ашуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры және Аршалы аудандық әкімшілігінің кәсіпкершілік бөлімінің басшысы келіп қатысты. Кездесуді Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінің бастығы әділет полковнигі Д.Б Рақымбеков ашты. «Қазіргі таңда сотталғандарды оның ішінде сот үкімі бойынша атқару парақтары бар сотталғандарды барынша еңбекпен қамту үшін, өндірістерді ашып қосымша жұмыс орындарын құру керек»,- екенін айтып жеткізді.

Мекеме бастығы әділет подполковнигі Н.С Беков қосымша жұмыс орындарын құру және ашу бойынша баяндама хатын оқып шықты. Жұмыс кездесу барысында барлық өзекті мәселелер және олардың шешілу жолдары қаралды. Бас прокуратураның 2 департаментінің прокуроры әділет кеңесшісі Е.А Тайкешов «Енбек-Аршалы» РМК филиалының өндірістік аймағында қосымша жұмыс орындарын ашу бойынша ұсыныстарын  өзінің баяндамасын айтып шықты. «Енбек» РМК бас директоры Р.С Апеков жоғарыда айтылған өзекті мәселелерді қарастырып шешім қабылданатынымен қорытындылады.

Жұмыс кездесуі мекеме аумағындағы өндірістік аймақтағы цехтарды аралаумен аяқталды.

Исследование КИОР: соцсети и телевидение остаются главными источниками информации для казахстанцев

Информационная среда Казахстана сохраняет многоканальный характер. Лидирующие позиции занимают...

Свыше 73% казахстанцев позитивно оценивают доступность детских садов – результаты соцопроса КИОР

Доступность школ, детских садов, учреждений культуры и спортивных объектов...

Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды

Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендерінде мектептердің, балабақшалардың, мәдениет мекемелері...

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...