Бөкей ордасы аудандық пробация қызметкерлері есепте тұратын сотталғандарды Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешеніне апарды

18- мамыр Халықаралық музей күніне орай, Бөкей ордасы аудандық пробация қызметкерлері есепте тұратын сотталғандардын бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында, Хан ордасы ауылында орналасқан Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешеніне баруды ұйымдастырды. Сотталғандарға музей қызметкерлері музей тарихы, ондағы бөлімдер мен залдар, коллекциялар жайында қысқаша түсініктеме берді. Сонан соң, экскурсия барысында музейдің ашылған уақыттан бастап сыр шертетін жәдігерлері мен сирек фотосуреттері көрсетілді. Тарихи жәдігерлерді көзімен көріп, ерекше қызығушылық танытып, сұрақтарын қойып, ескерткішке суретке түсті.

В области Абай среди осужденных, состоящих на учете службы пробации, прошел шахматный турнир

В Кокпектинском районе области Абай службой пробации Департамента уголовно-исполнительной...

Туған күнінде ерлік танытты

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкері,...