Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесінде 3 соттағанның жаза мерзімінің аяқталуына байланысты, «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында азаматтарды шығарып салу шарасы өтті.
«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының мақсаты- сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқа күндері қоғамда әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасау. Әлеуметтік-психологиялық, тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөнінде көмектер көрсету, туыстық байланыстарын нығайту болып табылады.
Шараға қалалық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты С.Құрымбаев, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілдері қатысты.
Жоба аясында мамандар бұл азаматтарға босатылғаннан кейінгі сотталғанның тұрмыстық және жұмысқа орналасу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді. Одан соң, босатылған соң жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жадынама берді.
Босатылған азаматтармен одан әрі олардың тұрғылықты мекенжайына байланысты пробация есебіне қойылып, олармен пробация қызметкерлері жұмыс жүргізеді.
«Абайсызда жол-көлік оқиғасын жасап, сот үкімімен осы мекемде жазамды өтедім. Бүгін мерзім соңымен босатылып жатырмын. Мекеме қызметкерлері психологиялық көмектер көрсетіп, мәдени-спорттық іс-шараларға қатыстырды. Қанша дегенмен бостандыққа ештеңе жетпейді. Балаларымды сағындым. Олар да мені асыға күтіп отыр. Бүгінгі шарадан сала мамандарынан ақпарат алдым, жұмысқа орналасу, әлеуметтік –құқықтық көмектер алу үшін қай жерге баруға болатынын білдім. Мекеме қызметкерлері мен қажетті ақпарат берген мамандарға алғысым шексіз»,- деді мекемеден босатылған азамат.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД


