Департаментпен қызмет көрсетушілердің мәртебесін арттыру, ынталандыру және жұмыстағы клиентке бағдарланудың негіздерін нығайту мақсатында өңірлік деңгейдегі «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» атты конкурсы өткізілді.
Конкурсқа қатысу үшін Алматы қаласының 9 мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелері қатысуға ниет білдірді. Департаментпен мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары ж.т.б. әр түрлі сала өкілдерінен құрылған конкурстық комиссиясы құрылып, үміткерлермен әңгімелесу жүргізілді.
Әңгімелесуде үміткерлер өздері көрсететін мемлекеттік қызметтердің бейнепрезентациясы мен қолайлы жағдайлар жасауға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін, оның ішінде оларды көрсету процестерін бюрократиядан арылту арқылы қамтамасыз етуге бағытталған «Адамдар ең алдымен» жобасын қорғады.
Комиссия мүшелері Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы, №5 Қалалық емхана және Алатау аудандық қорғаныс істері басқармасының бейнепрезентациялары мен жобаларының айқындығы мен креативтілігін атап өтті.
Комиссия мүшелерінің дауыс беруі нәтижесінде ең көп дауыспен «Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы» жеңімпаз деп танылды.
Сонымен, Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығы Республикалық деңгейдегі «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» конкурсына жолдама алды.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығына алдағы конкурста сәттілік тілей отырып, барлық қатысушылардың көрсеткен белсенділіктері үшін алғысымызды білдіреміз.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаменті


