«Есепте тұрған» республикалық режимдік рофилактикалық іс-шарасы өтуде

Ішкі істер министрінің 12.05.2023 жылғы бұйрығына сәйкес 15-25 мамыр аралығында «Есепте тұрған» атты республикалық профилактикалық іс-шарасы өтуде. Мақсат есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалар тарапынан жіберілетін құқық бұзушылықтардың және қылмыстың алдын алу. Бұл шара ШҚО бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық № 2 Көкпекті аудандық ПҚБ қызметкерлері Самар АПБ қызметкерлерімен бірлесіп жүзеге асыруда. Ол қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларды, оларды тұрғылықты жері, жұмыс орны және оқу орны, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеру және қылмыстың қайталануын уақыттылы анықтау үшін жүргізледі. Жазаны өтеу тәртібі мен шарттарының анықталған жағдайда құқық бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданады. Онда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Көкпекті аудандық № 2 пробация қызметінің инспекторы Е.А.Рустемов Самар аудандық ЖПҚБ—нің участкілік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, қайталама қылмыс жасамау жөнінде профилактикалық бағытта әңгіме сұхбат жүргізеді. Осы арада айта кететін бір жәйт, көптеген жағдайларда қылмыстар түнде жасалады және осыған байланысты түнгі тексерулерге үлкен көңіл бөлінеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бөлім басшылығымен қатаң бақылауға алынып, жұмыстар одан әрі өз жалғасын таба бермек. Бұл іс-шаралар оң нәтижелерге әкелетініне сенімдіміз, себебі қылмыстық жазаның орындалуы заңмен қатаң қаралады.

С. Жазнаев, ШҚО бойынша ҚАЖД №2 Көкпекті аудандық ПҚБ
бастығы әділет майоры

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...