Бос орындар жәрмеңкесі өтті

ШҚО Зайсан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының ғимаратында жұмыс іздеген азаматтарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Барлық адамдарға өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындары нарығын пайдалану, зерттеу және бірден бірнеше жұмыс берушілермен тікелей сөйлесу мүмкіндігі берілді.
Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты — халыққа, әсіресе жастар мен оқу орындарының түлектеріне жұмыс орындарының қолжетімділігін арттыру, жұмыс берушінің қолайлы кандидаттарды жалдау процесін жеңілдетуі және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуі. Жәрмеңкеге Зайсан аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрғандар яғни, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, қоғамнан оқшауланбай жазаға сотталғандар қатысты.
Бұл іс-шараға ШҚО Зайсан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардар белсенді қатысып, нәтижесінде бас бостандығын шектеуге сотталған 2 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...