Пробация бақылауы жүргізілуде

БҚО бойынша 15.05.2023 жылдан бастап «Подучетник» ЖПІШ атты республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
БҚО Орал қаласы бойынша ҚАЖД пробация қызметі және Абай ПБ ЖПҚБ-і учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметі және полиция есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қылмыстың алдын алу және бұрын істі болғандармен кері байланыста мұндай шаралардың маңыз зор! Сондықтан қалада мұндай профилактикалық шараларды жиі өткізіп тұрады.
Іс шара барысында профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғаларды мекен-жайлары бойынша тексеріп, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіледі,

Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады, — деді Орал қалалық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Сарсенова Ж.Ж.
Пробация қызметі аға инспекторының сөзіне қарағанда егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Подучетник» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...