Сотталғандар еңбекпен қамтылуда

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінің өндірістік аймағынан жаңа жұмыс орындарын ашу, сотталғандарды жұмысқа тарту мақсатында семинар — кеңес өткізді. Семинар – кеңеске №60 мекеме бастығы М.Өтетлеуов, мекеме қызметкерлері, ҚАЖД СЕҰТ бас маманы әділет майоры Б.Абилова, Ұлттық Ұлан 5547 әскери бөлімінің штаб бастығы, подполковник А.Аскарбеков, штаб бастығының көмекшісі майор Я.Редин, 5547 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің жеке атқыштар рота командирі майор Б.Ақшалов және рота командирінің орынбасары капитан Е.Сатыбалды, РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалының директоры С.Кенжебеков және мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жеке кәсіпкерлер қатысты.
Кеңес барысында мекеменің өндірістік аймағындағы 12 бекетке жеке кәсіпкерлердің шикізатпен және дайын өніммен кіріп шығатын автокөліктерді сүйемелдеуге ҰҰ 5547 әскери бөлімінен бақылаушының бөлінуі; еңбекпен қамтылған сотталған азаматтардың еңбек ақыларының ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес уақытылы аударылуы және жұмыс орындарында арнайы жұмыс киімімен қамтамасыз ету; жұмыс орындарында техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысқа қажетті құрал — саймандарды сақтауға арналған орындармен қамтамасыз ету және құрал — саймандардың тізіміндерінің жүргізілуін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.


Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Психикалық ауруға шалдыққан ерлер бөлімінде жұмыс істейтін медицина қызметкерлері жайлы репортаж

Танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтың есімі  берілген бұрынғы «Каблуков» көшесімен...

Қауіпсіздік күзетіндегі бір күн

Созақ ауданы полиция бөлімінің патрульдік полиция инспекторы Байжігіт Жұмаш...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Абай университетінде 2026-2027 оқу жылына арналған қабылдау науқаны басталды....

«Алтын алқа» иегері: нәзік жанды тергеушінің қызмет жолы

Қылмыстың мән-жайын анықтау, дәлелдерді жинау, азаматтардан жауап алу, заң...