Отбасының сәні — сыйластық

Қылмыстық – атқару жүйесінде отбасы құндылықтарын сақтай отырып, қазақи менталитетімізге сай ибаттылық пен кішіпейілділікті, қонақжайлылық пен мейірімділікті, жақсыға құштарлықты бойға сіңіре білген отбасылар көп-ақ. Сондай үлгілі отбасылардың бірі Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде арнайы бөлім басшысы қызметін атқарып жүрген көп балалы ана – Назерке Молдағалиқызы. Отбасында отағасы Бағдат Абайұлымен 3 бала тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы. Жолдасы Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті учаскелік полиция аға инспекторы, полиция майоры қызметін атқарады. Үлкені Абдул — Хақ 2 сыныптың озат, үлгілі оқушысы болса, екінші ұлы Шахназар балабақшаға барады. Кенжесі Аруназ 1 жаста. Ұжымда да, дос — туыстың арасында да үнемі жарқын жүзбен сыпайы, кішіпейіл, сыйлы жүретін олар отбасында бір — бірімен тату. Бос уақытын отағасы мен отанасы балаларымен көңілді өткізіп, өздерінің сүйікті, пайдалы істерімен айналысады. Ішкі Істер органыныда қызмет ету оңайға соқпағанымен, Назерке Молдағалиқызы мен Бағдат Абайұлы балаларының жан — жақты дамуына барынша жағдай жасауға тырысады. Бұл отбасында даталы күндер — Наурыз мерекесі, Аналар мейрамы, әрқайсысының туған күндері мен Отбасы мерекесі атаусыз қалмайды екен. Жақсылап дастархан жайылып, шағын мереке ұйымдастырып, отбасылық құттықтаулар мен «тосын сыйлар» жасалынады дейді анасы.
«Жыл сайын балаларымыздың жазғы демалыстарын отбасымен бірге еліміздің үлкен қалаларына саяхаттауды әдетке айналдырғанбыз. Балаларымыздың танымдылығы арттырып, болашаққа нақты жоспар қоюы үшін, жетістіктерге жетуі үшін мүмкіндігінше жақсы оқып, көпті білгендерін қалаймыз. Сол мақсатта олардың тәрбиесіне, оқуына, денсаулығына аса мән береміз. Олардың әрбір жетістігіне қуанамыз. Себебі, бала деген — біздің болашағымыз!», — дейді Назерке Молдағалиқызы.
Осындай үлгілі жас отбасылардың арамызда көп екені белгілі. Бірақ жасыратыны жоқ, жақсы отбасыларды дәріптеуде кемшін түсіп жатамыз. Жақсылығымызды асырып, бір — бірімізді ұлықтай жүрсек, қоғамның жақсы жағына өзгеруіне септігіміз тиеді.


Адина Жомартқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...