Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сай 2023 жылдың 15-25 мамыр аралығындағы қалалық және аудандық пробация қызметтерінде “Подучетник” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Профилактикалық шара аясында Арал аудандық пробация қызметінің инспекторлары мен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары және прокуратура өкілдерімен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға тұрғылықты жері бойынша бірлескен тексерістер жүргізуде.
Тексеріс барысында есептегі тұлғаларға сот жүктеген міндеттерді орындау керектігін, қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылықтар жасамауды ескертіп, олармен профилактикалық сұхбаттар жүргізілді. Қазіргі уақытта Арал аудандық пробация қызметі тобының есебінде барлығы 60 сотталған тіркеуде тұр.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД


