Халықаралық Отбасы күні

Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Міне, осындай маңызды мерекеге орай, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №71 мекемесінің жеке құрамы отбасыларында салт-дәстүрді дәріптеудің бейнебаяның ұсынуда.

Қиындығы мен ауыртпалығы мол қылмыстық-атқару жүйесіндегі қызметпен қоса отбасыға көңіл бөлу, әсіресе отбасында дәстүрді дәріптеудің маңызы орасан зор. Ұлттық болмысымыздың діңгегі бола білген шілдехана, тұсау кесер, сырға салу, қыз ұзату, беташар, үйлену тойы сияқты көптеген дәстүрімізді мекеменің жеке құрамы әр дайым өз отбасы ортасында өткізеді.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...