«Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен отбасылық байқау ұйымдастырылды

Бос уақытты тиімді пайдалану, сондай – ақ отбасылық құндылықтарды, отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау және отбасы институтына қоғамның назарын аудару, халықтың белсенді және салауатты өмір салтын жүргізуге ынтасын дамытуға негізделген профилактикалық жұмысты жетілдіру мақсатында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Берік отбасы – есірткіден алыс!» ұранымен отбасылық байқау ұйымдастырды.
Қатысушылар нашақорлыққа қарсы үндеу жасап, өз отбасыларының атынан дұрыс жол таңдау керектігін ашты. Содан кейін отбасылық флешмоб көрсетіліп, бірге есірткіге қарсы ән шырқады .
Олар бейне ұсынымдар әзірлеп, мессенджерлер арқылы облыс өңірлеріндегі сайыстық комиссияларға жіберді, содан кейін байқаудың үздік жұмыстары сайыстың екінші кезегіне қатысты .
Финалдық байқауға 17 отбасы қатысты. Байқауға қатысушылар өз ойларын шығармашылықпен жеткізе білді, түрлі ақпаратты пайдаланды, нашақорлық мәселесі бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті. Танымал әндердің әуеніне, сөз жазып, есірткіге қарсы әндер орындады.
Байқау комиссиясының шешіміне сәйкес қатысушылар жинаған ұпайларына сәйкес аймақтық және облыстық жеңімпаздар, сондай-ақ номинация жеңімпаздары деп танылды.
Үздік деп танылған отбасылар: Қожабековтер
(Арал ауданы) – 1 орын, Қалмұратовтар – 2 орын және Сарсенбековтер (Қармақшы ауданы)– 3 орын.
«Бақытты отбасы» номинация иегерлері болып Қалмұратовтар, Сарсенбековтер — «Мерейлі отбасы», Изкеновтер — «Өнерлі отбасы» (Қармақшы ауданы), Темірбаевтар — «Көңілді отбасы», Қожабековтер — «Көркем отбасы» (Арал ауданы), Әділбаевтар — «Үлгілі отбасы» (Қазалы ауданы), Шоңбаевтар — «Белсенді отбасы» (Жалағаш ауданы), Бөпежановтар — «Өнегелі отбасы» (Шиелі ауданы) болып табылды.
Қатысушы отбасылар жеке үлгісімен бос уақытты отбасы шеңберінде қалай тиімді өткізуге болатынын көрсетті.
Байқаудың барлық қатысушылары сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

Гүлбану Мақажан

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...