Кезекші бөлімнің қызметтік қағидасы

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде Ауысым қызметкелерінің жұмысы ерекше. №1 ауысым кезекшісі әділет капитаны Нұғманов Қажымұхан Кенжебайевич жұмыс барысында, ауысым қызметкерлерінің кәсіптік деңгейлерін арттырыу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізеді, жұмысында заңмен тәртіпті сақтай отырып, қызмет атқарады, сотталғандардың қашып кетпеуін, ауысым қызметкерлері мен қырағы болып қадағалайды.

Кезекші бөлімде кезекші орынбасары әділет капитаны Сабитов Ернар Каныбекович бейне бақылау жүйесі арқылы бүкіл мекеменің аумағындағы қозғалыстарды бақылап отырады.Келеңсіз жағдайлар байқаған кезде кезекшіге дер кезінде хабарлайды және қарауыл бастығына тапсырмалар береді. Бастық немесе оның орынбасарлары болмаған кезде, мекемеде белгіленген ішкі тәртіпті ұстануға байланысты барлық мәселе осы кезекші көмекшінің нұсқауымен жүргізіледі. Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес, мекеме аумағында және өндірістік обьектілерге кіретін, шығатын адамдарды, сондай-ақ олардың заттарын тінту жүргізуге шешім қабылдайды. Қызмет барысында ауысым қызметкерлері сотталғандардың ішкі күн тәртіп ережелерінің сақтауын бақылап, мекемедегі іс-шаралардың күн тәртібіне сай уақтылы өтуін қадағалап, кезекші ауысым кезінде мекеменің тыныштығына, келеңсіз оқиғалар болдырмауға сақ қарап, заң бұзушылықтардың алдын алады. Әр кезде төтенше жағдайлар, жаппай улану, мекемеде ұсталатын сотталғандардың өлім-жітімі, апатты жағдайлар және т.б. оқиғалар орын алмас үшін, өз біліктіліктерін арттырып, ауысым қызметкерлерінің барлығы әрдайым дайындықта жүреді, бос уақыттарында спортпен айналысады.

                                                                    №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...