Бүгін, 14 мамыр күні Астана қаласы бойынша ҚАЖДепартаментінің №3 мекемесінде РММ сотталғандар арасында “Көңілді старттар” өтті. Жарыста сотталғандар қызықты да көңілді тапсырмалар бойынша сайысқа түсіп, оларды шешуде әр топ командалық рух пен тапқырлыққа сыналды. Бұл іс-шараның мақсаты команда құруды насихаттау, ұжымның мүддесі үшін әрекет ету қабілетін дамыту болды.
“Психологтарымыз өткізетін эстафеталарға ұнемі қатысып, өткізіп алмауға тырысамын. Ең бастысы көңіл-күй, байқауға қатысушы ретінде айта кетейін, мұндай шаралар бізге күш-құат беріп, бәріміз құанып, эмоциямызбен бөлісеміз”-сотталған П. бөлісті.
“Спорттық іс-шаралар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, сотталғандар арасында оң көзқарасты оятып, спортпен салауатты өмір салтын насихаттай отырып, тұрақты түрде өткізіледі”- дейді САӘПжТЖБ бастығы әділет майоры С.А. Абильмажинов.


