Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты √12 мекемесі Қонаев қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімімен бірлесіп, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімі қызметкерлерімен сотталғандар арасында мемлекеттік қолдау және жұмысқа орналасуға көмек көрсету шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Аталған іс-шараға, Қонаев қалалық әкімшіліктің халықты жұмыспен қамту орталығының өкілі және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы қатысты. Осы жылы бостандыққа шығатын сотталғандарға арналған әлеуметтік көмек түрлері мен алу жолдары түсіндірілді.


