Жеке құраммен кәсіби даярлықтарын шыңдау сабақтары жүргізді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 мекемесі қызметкерлерінің кәсіби даярлықтарын шыңдау сабақтары жүйелі жүргізілуде. Жыл басынан мекеменің жеке құрамымен 25 сабақ өткізілді.

Кәсіби даярлау сабағында күрестің жауынгерлік тәсілдері, дене шынықтыру даярлығы сабағы, практикалық ату машықтарын пысықтау, әлеуметтік-құқықтық пәндер бойынша сабақтар қамтылады.

Бүгін де кадр саясатының тобының ұйымдастыруымен барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жеке құрамға Макаров тапаншасынан ату сабағы өткізілді.

-Қызметкерлер заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін ғана біліп қоймай, дене шынықтыру даярлықтарын шыңдаулары, Макаров тапаншасы мен Калашников автоматын қолдана алулары, ал ең бастысы – дағдарыс жағдайларында және штаттан тыс жағдайларда тиімді іс-қимыл жасай алулары тиіс. Бүгінгі ату сабағы кезінде, қызметкерлердің Макаров тапаншасын дұрыс қолдана білуі, нысанға дәл тигізу мен оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына мұқият болуларына ерекше назар аударылды. Тапаншадан ату бойынша қызметкерлер норматив бойынша нысанаға дәл тигізіп, мергендігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдей алды, — дейді кадр саясаты тобының аға инспекторы әділет капитаны Дінмұхаммед Оспанов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық топтың мүшесі Р....

Орталық Азия аймағының интеграциясыз ынтымақтастық үлгісі

Орталық Азия 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері өңірлік шоғырланудың...

Меры предосторожности в летний период

НАЧАВШЕЕСЯ ЛЕТО ПРИНЕСЛО СПЕЦИФИЧЕСКИЕ ПРОБЛЕМЫ И РИСКИ, СВЯЗАННЫЕ ИМЕННО...

Почему соцсети делают нас несчастнее? 

ЕЩЕ ДЕСЯТЬ-ПЯТНАДЦАТЬ ЛЕТ НАЗАД СОЦИАЛЬНЫЕ СЕТИ ВОСПРИНИМАЛИСЬ ИСКЛЮЧИТЕЛЬНО КАК...

«Безопасность начинается с себя» 

С началом купального сезона в столице усиливается профилактика происшествий...