«Атамекен» ҰКП-ның бұрынғы басшысы пара алды деген күдікке ілінді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов пара алды деген күдікке ілінді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері растады.

«Соталды тергеу басталғанын растаймыз. Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — делінген хабарламада.

Абылай Мырзахметов 2013 жылдан бері «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы, оған дейін 2007 жылдан «Атамекен» одағы Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Ол 2022 жылғы ақпанда қызметінен кетті.

Алматыда рұқсатсыз салынған сауда орындарын бұзу басталды

Алматының Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында заңсыз салынған сауда орындарын бұзу жұмыстары басталды. Нысандардың жалпы аумағы 56,4 мың шаршы метр болды.

21 қазанда бірқатар өңірде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстанда 21 қазанда құбылмалы бұлтты ауа райы сақталады. Елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде көктайғақ болады. Бірқатар қалада жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.

Елімізде қандай мамандар жетіспейді?

Қазақстанда бір маман бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндеме түскен, ал IT мен медицина саласында кадр тапшылығы бар.

Қазақстандықтардың бюджетіне қандай шығындар көбірек салмақ түсіреді? 

Қазақстандықтар ең көп ақшаны азық-түлікке жұмсайды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың екінші тоқсанында халықтың барлық ақшалай шығыстарының 50,5%-ы азық-түлік тауарларын сатып алуға кеткен.

«ОРМАНШЫ МƏРТЕБЕСI» ҚҰҚЫҚТЫҚ ҮЙЛЕСТIРУДI ҚАЖЕТ ЕТЕДI

Жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Орман шаруашылығы қызметкерлері күнін осы салада қызмет ететін 17 мыңнан астам маман асыға күтеді. Орман шаруашылығы мамандарының қызметі – бұл орман алқаптарын қорғау, қалпына келтіру, тиімді пайдалану және олардың экологиялық жүйесін сақтауға бағытталған кешенді жұмыс.